3 ақпанда Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға түсіп кеткен. Екі ер адам сыртқа шығып үлгерген.
Балықшылар бір ай бұрын суға батып кеткен қарағандылықтың денесін тауып алды
578
оқылды

Қарағанды ​​облысында 3 ақпанда суға батып кеткен балықшының мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Облыстық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Осакаров ауданына қарасты Сәтбаев каналы бойындағы Молодежный ауылынан 20 шақырым жерде суға батып кеткен 39 жастағы ер адамның денесі шығарылды. Оның денесін балықшылар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған.

Еске салайық, 3 ақпанда Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға түсіп кеткен. Екі ер адам сыртқа шығып үлгерген. Көлік өзен түбінен шығарылды, бірақ үшінші балықшы ішінде болмаған.

Іздестіру жұмыстары үш күн бойы сүңгуір жабдықтары мен су астындағы қашықтықтан басқарылатын тексеру кешенін қолдану арқылы жүргізілді. Ақпанның басында ауа райының қолайсыздығына байланысты суға батқан адамды іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.