Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың ұялы телефонына әлдебіреулер хакерлік шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Менің ұялы телефоным бұғатталды. Өтініш, жауап бермеулеріңізді және ештеңе жібермеулеріңізді сұраймын", – деген жазба қалдырды Мейрам Кожухов.
Айта кетейік, Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып былтыр қаңтарда тағайындалды.
Оның кандидатурасын өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынған еді.