Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде бүгін 50 жастағы әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.