Қызылорда қаласында жол бойындағы ағашқа соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға облыс орталығындағы Сүлейменов көшесі №37 тұрғын үйдің тұсындағы жол бойында бүгін, сағат 2:25 шамасында болған.
«Жол бойындағы ағашқа соғылған «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт сағат 2:39 минут өткенде толық сөндірілді», – делінген ақпаратта.
Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі бөлімі, жедел жәрдем бригадасы, Қызылорда электр тарату торабынан мамандар қызмет атқарды.