Синоптиктердің болжамы бойынша, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран соғады.
Тұман түсіп, жел күшейеді: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Qazaqstan TV
2,988
оқылды

«Қазгидромет» 4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабалайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран соғады.

Түркістан облысының батысында, таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Шымкентте түннің алғашқы жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Түркістанда да түнде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Астанада жел болады, екпіні – 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында аракідік тұман түседі. Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысында боран болады. Желдің екпіні –15-20 м/с. Павлодарда боран соғады. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман. Қызылордада аракідік тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады деп болжанып отыр. Орал қаласында таңертең тұман түседі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде, батысы мен оңтүстік-батысынан тыс өңірлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді.