Астанада ер адам Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен төрт айлық баланы өрттен аман алып қалған өрт сөндірушіні ерлігі үшін марапаттауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы Мақсат Лесхан төрт айлық баланы өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден алып шыққан.
Құтқарушының видеосын министрлік жариялады.