Түтін басқан ғимараттан 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Семейлік өрт сөндіруші әйелді жанып жатқан пәтерден аман алып шықты
Фото: ТЖМ
592
оқылды

Семей қаласында өрт сөндіруші жанып жатқан пәтерден әйелді аман алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласында Безымянная көшесінде 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанған. 

Осыдан кейін №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметіне тапсырды. 

ТЖД күштерімен баспалдақпен түтін басқан ғимараттан 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Өрт сағат 18.36-да толығымен сөндірілді.