Қыс басынан бері қаладан полигондарға 423,2 мың рейс, 5,7 млн текше метр қар шығарылды.
Бір түнде Астанадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі
300
оқылды

Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Таңертең қар тазалауға 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарында 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істейді.

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні қаладан 1,88 мың ауыр жүк көлеміне тең 23,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басынан бері қаладан полигондарға 423,2 мың рейс, 5,7 млн текше метр қар шығарылды.