Алматыда жер сілкінісінің қайталану қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруды сұраймыз», – деді Нұрлан Атығаев.
Бүгінгі жер сілкінісі Алматыда – 5 балл, Жетісу облысында – 2 балл көлемінде сезілді.
Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы «Жиын» сигналы бойынша көтерілді.