Үшемді ата-анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп атаған.
Шымкентте тағы үшем дүниеге келді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
5,473
оқылды

Шымкент қаласында 31 жастағы ана дүниеге үшем әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған сәбилерді күтіп-баптап, бүгін үйге шығарып салды. Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпанда Кесарево тілігі арқылы босандырып алған. 

«31 жастағы қала тұрғынының бұл төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. Айы-күні толмай 33 аптада туылған сәбилер өкпесі жетілмегендіктен жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бақылауда болған нәрестелер 2 келіден аса салмақ қосқан», – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінен. 

Үшемді ата-анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп атаған.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келген. Оның 2493-і ұл болса, 2418-і қыз. Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем өмірге келген.