34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
8 наурыз мерекесіне орай Астанада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы төлем алады
Фото: gov.kz
813
оқылды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII жергілікті бюджеттен Астана қаласының Мәслихаты бекіткен Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», – деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімі негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.