Атырау-Дамба тасжолына қарасты Көк-арна ауылының тұсында бір уақытта төрт көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Атырау қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға 4 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған.
«Атырау-Дамба тасжолына қарасты Көк-арна ауылының тұсында маркасы Toyota Prada, Kia, Камаз және Ваз 2112 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан маркасы Ваз 2112 автокөлігінің жүргізушісі және кәмелетке толмаған жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Автокөліктегі жолаушы әйел адам мен 3 жасөспірім жедел-жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді», – деді департаменттен.