Құрметті AIQYN газетінің ұжымы!
Замана жаршысы
фото: Aikyn газеті
902
оқылды

Сіздерді басылымның 20 жылдық мерей­тойымен шын жүректен құттықтаймын.

AIQYN – қазақ баспасөз кеңістігінен еркін орын алған және өзіндік бағыт-бағдарымен оқырманның қалың шоғырын қалыптастырған іргелі басылым.

Газет алғашқы номерімен-ақ айтары бөлек, берері мол, мақсаты айқын ақпарат құралы ре­тін­де танылды. Басылым бетіне жарияланған әр мақала қашанда ұлттық мүддені көздеп, ел­дік мұратқа табан тірейді.

Шын мәнінде, AIQYN осы уақыттың ішінде қа­зақтың дүниетанымын кеңейтуге, тарихы мен дәстүрін, ғылымы мен білімін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға және ұлттың дара тұл­ғаларын дәріптеуге үлкен үлес қосты. Осы рет­те оқырман қауым асыға күтетін AIQYN-апта ет­жеңді номерін және өзекті мәселелерді кө­теріп, түрлі сала мамандарына сұрақты тө­те­сінен қоятын «Ақ сөйле» айдарын ерекше атап өткен жөн.

Газетте Серік Жанболат, Бауыржан Омаров, Нұр­төре Жүсіп, Әділбек Қаба сияқты әрқайсысы қазақ журналистикасының қара нарына айналған қаламгерлердің қолтаңбасы қалды.

Басылым 20 жылда талай талантты жас жур­налистің томағасын сыпырып, ұлттық бас­пасөздің ұстаханасы ретінде толық қалыптасты. Қа­зіргі таңда AIQYN-ның мектебінен өткен тіл­шілер еліміздің ақпарат айдынында алдыңғы лек­тен көрініп келеді.

Құрметті айқындықтар! Басылымның мерейтойымен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық және шығармашылық табыс ті­лей­мін!

Ұлттық публицистиканың өрісін кеңейту жо­лындағы еселі еңбектеріңіз жемісті болсын!

Қаламдарыңыз мұқалмасын!

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Қазақстан Республикасы 

Парламенті Сенатының Төрағасы 

 

Құрметті AIQYN газетінің ұжымы!

Сіздерді 20 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! 

AIQYN газеті – отандық ақпарат кеңістігінде өзіндік қолтаңбасы бар іргелі ұжым. Алғаш жарық көрген сәттен бастап оқырман іздеп жүріп оқитын беделді басылымдардың біріне айналды. 

Атына сай ұстанған бағыты айқын, мемлекетшілдікті, ұлт мүддесін, елдің ақпараттық қауіпсіздігін сақтауды ұстаным еткен газет ұжымы бағытынан жаңылған емес. 

Сіздер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі дамыту жолындағы бастамаларын халыққа жеткізіп, ел игілігі жолында абыройлы қызмет етіп жүрсіздер. 

Халықты шынайы ақпаратпен сусындатып, төл руханиятымызды ұлықтау ісіндегі еңбектеріңіз де зор. Мұны ұжымның кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесінің көрсеткіші деп білемін. 

Мерейлі мереке қарсаңында газет ұжымына шығармашылық жетістіктер, іргелі ізденістер мен дамудың даңғыл жолын тілеймін! Мерейлеріңіз үстем болып, қаламдарыңыз мұқалмасын! 

Ерлан ҚОШАНОВ, 

Қазақстан Республикасы 

Парламенті Мәжілісінің 

Төрағасы

 

Құрметті AIQYN газетінің ұжымы!

Сіздерді AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

AIQYN газеті – еліміздегі таңбалы тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған бірегей басылымдардың бірі. Жаңалықты жұртшылыққа жедел әрі шынайы жеткізіп, еліміздің мемлекеттік саясатын қалың оқырманға байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға хаттап келе жатқан басылымның беделі әрдайым биік.   

Газет қазақ елінің бүгіні мен ертеңін әр қырынан танытып, халықты ақпараттандыруда еселі еңбек етіп келеді. Экономиканың барлық салаларының аяқ алысын, еңбек адамдарының ерен ісін, өнегелі тұлғалардың сара жолын, қоғамның бет-бейнесін – барлығын да газеттің сарғайған парақтарынан табуға болады. Оқырманның оң бағасын алған айшықты басылымда саяси және халықаралық аналитика да кеңінен талданып жүр.

Заман талабына сай жаңғырып, жаңа жасын толайым табыстармен қарсы алып отырған басылым алдағы уақытта да ел дамуына лайықты үлесін қоса береді деп сенемін. 

Заманның жаршысы болу ұстанымынан танбаған газеттің ғұмыры ұзақ болсын! Кәсіби мамандар шоғырын қалыптастырған ұжымға шығармашылық табыс, еселі еңбек, береке-бірлік тілеймін! Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, қаламдарыңыз жүйрік, бастамаларыңыз баянды болсын!

Аида БАЛАЕВА,

Мәдениет және ақпарат министрі

 

Құрметті AIQYN газетінің ұжымы!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! 

Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан AIQYN газетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ұжымға шығармашылық табыс, халықты ағарту ісіндегі жұмыстарыңызға береке тілеймін. 

Бүгінде AIQYN газеті қоғамдағы өзекті мәселелерге жан-жақты талдау жасаумен қатар дініміз бен дәстүрімізді дәріптейтін беделді басылымға айналды. Кез келген басылымды сенімді ақпарат көзіне айналдыру – өте маңызды іс. AIQYN-ның бұл межені бағындыруы – үлкен жетістіктің бірі деп атар едім. 

 

Алла Тағала Құранда «Хужурат» сүресінің 6-аятында: «Уа, мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» деген. Қандай да ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу, басқа-басқа журналистер қауымы үшін қажет қадам.

Кешегі Алаш арыстары газет арқылы халықтың сауатын ашып, сауапты іске мұрындық болды. Сол тұлғаларымыздың қасиетті ісін жалғаған AIQYN газетінің ұжымына Алла разы болсын айтамын. Ізгі істеріңізге Жаратушы Иеміз жар болсын!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары 

діни басқармасының төрағасы, 

Бас мүфти