Ол 1 наурыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған.
Қызылордада 28 жастағы ер адам 4 күннен бері табылмай жатыр
Фото: Қызылорда қалалық ПБ
3,121
оқылды

Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат 4 күннен бері іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Одан кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қалдыбек Қайырбековке іздеу салды.

Бойы – 1,80 см, шашы қара түсті, орта денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ куртка, ақшыл-көк түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – делінген хабарламада.