6 наурыз күні ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тергеу материалдарының қорытындысы бойынша, бұдан бұрын ұсталған айыпталушының біреуі шет елде жүріп радикалды діни идеологияны қабылдағаны анықталды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.