Вице-министр бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.
Антикор бұрынғы вице-министр не үшін ұсталғанын түсіндірді
Фото: primeminister.kz
755
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавлда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV Өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған", – деді агенттіктің ресми өкілі.

Оның мәлімдеуінше, вице-министр бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.

"Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", – дейді Тілеукенов.

Еске салайық, 1 наурызда бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды.