Ведомствоның мәліметіне қарағанда, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілініп отыр.
"Қазығұрт" кеден бекетінің лауазым иелері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: otyrar.kz
2,708
оқылды

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазым иелері жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу жұмыстарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті айналысып жатыр.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілініп отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.