Шығыс Қазақстан облысындағы аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы автокөлікті нарықтағы құнынан екі есе қымбат бағаға сатып алмақ болған.
ШҚО-да аудан әкімдігі 6 млн теңгенің көлігін 16 миллионға сатып алмақ болған
Российская газета
313
оқылды

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өткен жылы "Дарын" мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 16 миллион теңгеге "Лада Гранта" автокөлігін сатып алмақ болған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл көліктің ең төменгі нарықтық бағасы – шамамен алты миллион теңге.

“Мәселені қарау кезінде бұл сатып алу толығымен тоқтатылды. Біз мемлекеттік сатып алулар порталына тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтауға, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен жұмсауды жоюға мүмкіндік береді", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шәкенов.