Ер адам 2018 жылы шілде айынан бері хабарсыз кеткен.
Астаналық азамат 6 жылдан соң аман-есен табылды
Фото: gov.kz
1,071
оқылды

Полиция қызметкерлері Ақмола облысының аумағынан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен елордалық ер адамды тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 40 жастағы елордалықты анықтаған.

– 2018 жылғы 8 шілдеде Астана полициясына ер адамның әпкесі өтінішпен жүгінген. Әйел ағасы үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан, – деді облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Жоғалған адамды іздеуге астаналық полицейлер ғана емес, облыстық полицейлер де жұмылдырылған. Ол елорда маңынан және басқа да облыстардан іздестірілген. Ұзақ іздеуден кейін оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ер адам Қорғалжын ауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Ол бұл ауданға бірнеше ай бұрын келген екен.

– Қазір оның ұзақ уақыт болмауының себептері анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің өкілдері.