Көлік газбен жүреді.
8 адамның өлімі: Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатының себебі айтылды
Фото: darakchi.uz
640
оқылды

Сегіз адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатының алдын ала себебі айтылды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz EL.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" "ҰК" АҚ-ның алдын ала ақпараты бойынша, өртенген "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, соның салдарынан көлік өртенді. Көлік газбен жүреді.

Айта кетейік, қайтыс болғандар арасында туыстар да бар. Соның бірі – 12 жастағы ер бала мен әкесі. Одан бөлек, Ақтөбеге жол тартқан екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге бақилық болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар – Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары.