«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шоколадтармен қуантуда, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шоколадтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындары тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.
«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», – деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.
«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» – деді Айнұр Смайылова.
Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1 000-нан аса гүл мен шоколад сыйлайды.