Тек еліміздің батысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.
Жаңбыр, бұрқасын, тұман: 8 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: egemen.kz
1,159
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 08 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан территориясың басым бөлігі фронталды бөліктердің әсерінде болады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді, орталық пен шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.

Тек еліміздің батысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.