Полиция тергеу жүргізуде.
Шығын – 1 миллион теңге: Шымкентте бұзақылар автобустарға тас лақтырған
Жайық Шұғыласы
619
оқылды

Otyrar.kz хабарлағандай, 7 наурызда Шымкенттің Таскешу аймағында белгісіз біреулер 149-бағыттағы автобустарға тас лақтырған, деп жазады Aikyn.kz.

«Кешкі, сағат 20.00 шамасында, қараңғы түсіп қалған, автобусқа бірдеңе тигенін естідім. Мен автобустан дереу түстім, бірақ ешкімді байқамадым, тіпті оны кім лақтырғанын да көрмедім. Терезе сынып кетті. Бұл материалдық шығын ғана емес, терезе ашылып қалуы мүмкін еді, ал жолаушыларға тиіп кетсе ше?», деді жүргізуші Қасымбек Ахметов.

Бес қоғамдық көлікке зақым келген. 3 және 5 наурызда автобустарға тас лақтырылды. Алдын ала болжам бойынша, қалпына келтіруге миллионнан астам теңге қажет. Қазір көлік қызметкерлері шығынды санап, әйнекті ауыстырып жатыр.

«Аталған факті бойынша Абай облыстық унитарлық бөлімшесінің қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр»,  деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.