Бүгін – Халықаралық әйелдер күні.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан әйелдерін төл мерекесімен құттықтады
1,094
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz  сайты.

Ардақты аналар! Қымбатты ханымдар!

Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – өмірге шуақ, жанға жылулық әкелетін ерекше мейрам.

Біз әрдайым асыл аналарымыз бен әзиз әжелеріміздің, аяулы аруларымыздың алдында басымызды иеміз. Өйткені, әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, бірлік пен берекенің бастауы, мемлекетіміздің тірегі.

Сіздердің қоғамдағы және ел дамуы жолындағы рөлдеріңіз орасан зор. Қыз-келіншектер адами асыл қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиелеумен қатар, барлық салада биік белестерді бағындырып келеді.

Осы шуақты мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен амандық тілеймін!

Өмірлеріңіз көктемдей көрікті болғай!, – деді Мәжіліс Төрағасы Е.Қошанов.