Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Бұл фәниде ешкімі жоқ»: Тележүргізуші 17 жыл құлдықта болған қыздарды мерекемен құттықтады
Фото: видеодан скрин
16,220
оқылды

17 жыл бойы ағасында құлдықта болған апалы-сіңлілі Назгүл бен Құндыз «Көреміз» бағдарламасына қатысқан болатын. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары хабарлаған. Қазір олар Алматы қаласында тұрып жатыр. Журналист Руслан Өтепбай 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Құндыз бен Назгүлді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында қыздардың бір-бірінен басқа ешкімі жоқ екенін айтты.

«Көктем мерекесі – айнала әрленіп, қыздар жақындарынан жылы сөз естіп, сүйіктілерінен сыйлық алатын шақ. Әсіресе, 8 наурыз мерекесін жаныңа жақын жандармен өткізгенге не жетсін… Алайда Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ. Сондықтан әпкелі-сіңлінің көңілін көтеріп, сұрсыз күндерін сәндеу үшін гүл шоқтары мен тәттілерді алып, кіріп шықтым. Қыздар марқайып қалғандай… Ағайын, қос қыздың тағдыры сіздерге де сабақ, үлгі-өнеге болсын. Қысқа ғана өмірде бір-бірімізге демеу, бауырларымызға медеу болып жүрейік!» - деп жазды журналист.