2022 жылы тек үш санат болатын. Ол кезде теңіз және жағалаудағы жүк тасымалдау қызметі, қаржылық қызмет көрсету және сақтандыру саласындағы көмекші қызметі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметшісі ғана 1 миллионға жуық жалақы алатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Finporm.kz сайтының жазуынша, бір жылдан кейін, 2023 жылдың желтоқсанына қарай бұл тізім тағы үш саламен толықты. Олар:
- әуетасымалы;
- сақтандыру және зейнетақы қамсыздандыру;
- бас компания мен басқару бойынша кеңес беру.
Сонымен қатар былтыр IV тоқсанда ең жоғары номиналды жалақы бойынша жаңа рекорд орнатылды. Мәселен, былтыр соңғы 4 айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Ал миллионның үстінде ақша алатын мамандықтардың тізімі осындай:
- мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 миллион теңге) бар.
- сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 миллион);
- тасымалдау саласындағы инженер (5 миллион);
- қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 миллион);
- құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 миллион);
- әуекөлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 миллион).