Күн жылып, қар ерігендіктен, жолды су басып жатыр.
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басты
3,855
оқылды

Ақтөбе облысында 8 наурызда кешке жақын қар еріп, салдарынан республикалық маңызы бар автожолды су басқан, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін  сағат  17.00-де республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 194 шақырымында су өтуі анықталды.

"ҚазАвтоЖол" мәліметіне сүйенсек, ауа температурасы жылынып, қар еріген. Салдарынан жолды су басқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, автожолдағы жол төсемі бойынша еріген қар суының ені – шамамен 20 метр, биіктігі – 3-5 см.  Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. 

"Еріген қар суының жүруін жою бойынша (жайт – ред.) орнына ДЭУ-13 күші жұмылдырылды: 10 жұмысшы, 1 Шахман, 1 жүк артқыш көлік, 1 ДРС, 100 қап құм", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.