Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80-шақырымында жолаушылар автобусы бұзылып қалған.
Жолда қалып қойған шетелдік 17 азамат мешітке көшірілді
874
оқылды

Құтқарушылар техникалық ақауы бар көліктегі азаматтарды Т. Жүргенов ауылының мешітіне көшірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жолаушылар автобусында 17 азамат болды, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады», – деп жазды ТЖМ. 

Құтқарушылар алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.