«Слово пацана» телехикаясында Мараттың рөлін сомдаған Рузиль Минекаев қазақстандық жанкүйерлерімен ақылы кездесу өткізбек, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы "Халық үні" басылымы Kp.ru ақпарат көзіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Бұл ретте Рузиль Минекаев Қазақстанда фан-кездесу ұйымдастырып, кештің билеттерін сата бастаған.
Онымен кездесіп, тілдесу құны – 5 200 рубль немесе 25 500 теңге шамасында;
Фотоға түсу үшін ұйымдастырушылар 9 800 рубль немесе 48 200 теңге талап еткен.
Басылым дерегінше, Алматыдағы фан-кездесу 3 сағатқа созылады деп жоспарланған.