Бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Атырауда ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды
Фото: egemen.kz
1,006
оқылды

Қайғылы оқиға 10 наурызға қараған түні сағат 01.40 шамасында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, С.Бейбарыс көпірінде маркасы Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Тағы бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА