11 наурызда 10 өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады және екпінді жел соғады.
Жаңбыр жауып, көктайғақ болады: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
2,531
оқылды

"Қазгидромет" РМК 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.