Оның айтуынша, қазір айыпталып отырған бұрынғы шенеунік тіпті жұбайын жалаңаш күйде видеоға түсірген.
Бишімбаев Нүкенованы кепілдік үшін жалаңаш видеоға түсірген – прокурор
3,049
оқылды

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Прокурор сот отырысы барысында маңызды деректерді айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір айыпталып отырған бұрынғы шенеунік тіпті жұбайын жалаңаш күйде видеоға түсірген.

"Ол Нүкенова жалаңаш көрінетін видео түсіріп, бұл оған кепіл болатынын айтты. Өз кезегінде Нүкенова үрейленіп, Бишімбаевтың іс-әрекетінен қорқып, өз еркінен тыс осы талапты орындап, өзін мәжбүрлі түрде киімсіз видеоға түсіруге рұқсат етті", – деді прокурор.

Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол сол кезде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.

Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.

Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.