Мәселен, қасиетті Түркістан мен Шуша шаһарлары, сондай-ақ Орал мен Мингечевир, Шымкент пен Гянджа қалаларының арасында бауырластық қатынас орнады.
Ертең Физули қаласында Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы ашылады
Фото: Ақорда
414
оқылды

Президенттің пікірінше, қазақ-әзербайжан қатынастарын нығайтуға мәдениет саласындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру ісі де оң септігін тигізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәселен, қасиетті Түркістан мен Шуша шаһарлары, сондай-ақ Орал мен Мингечевир, Шымкент пен Гянджа қалаларының арасында бауырластық қатынас орнады.

– Мен елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарға баса мән беремін. Бұл халықтарымызды жақындату тұрғысынан өте маңызды. Сумгаит қаласындағы көше Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталды. Біз ол үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ Астана қаласындағы көшеге Гейдар Әлиевтің есімі берілді. Бұл екі елдің ұлы тұлғаларын ұлықтауға арналған елеулі оқиға болды. Былтыр Әзербайжанда Қазақстан мәдениетінің күндері табысты өтті. Әлгінде өзіңіз айтқандай, ертең Физули қаласында Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығын ашамыз. Бұл да біздің  ықпалдастығымыз бен ынтымақтастығымыздың символы болатыны анық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент Жоғары мемлекетаралық кеңестің қызметі екі ел ынтымақтастығына тың серпін береді және қазақ-әзербайжан қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп санайды.