Полиция барлық мән-жайды білу үшін видеодағы тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Былтыр флористті қорлап, гүл ұрлаған экс-полицейдің тағы бір видеосы тарады
Фото: qazaqinfo.kz
615
оқылды

Әлеуметтік желіде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады. Видеодағы диалогтан ол ер адамның былтыр Шымкентте дүкеннен гүл алып, ақысын төлемей кеткен экс-полицей екенін аңғаруға болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Отырар» басылымына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына қоңырау түскен. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында учаскелік инспекторларға ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Ал видео кейіпкері 19 мамырда өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған.

Полиция барлық мән-жайды білу үшін видеодағы тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Себебі бұл оқиғаға қатысты полицияға ешқандай шағым түспеген.

Ал оған қатысты бұрын тіркелген (гүл оқиғасы) іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, оның шешімі Шымкент прокуратурасымен келісіліп, бекітілген.

Видео әлеуметтік желіден алынды