Премьер-Министр Олжас Бектенов министрге нақтылап сұрақ қойды.
"Тағы екі зауыт қайдан шықты?": Бектенов министрдің баяндамасынан "артық" зауытты байқады
Фото: inbusiness.kz
983
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың берген мәліметтерінің сәйкес келмейтін тұстарын аңғарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-Министр Олжас Бектенов министрге нақтылап сұрақ қойды.

"Маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады деп еді, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды?", – деп сұрады Бектенов Экология министрінен.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев тағы екі зауыттың Астана қаласынан қосылып отырғанын айтты.

"Тағы екеуі Астана қаласынан қосылды. Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосты. Өткен аптада презентацияға алдын ала беріп қойғанбыз", – дейді Экология министрі.