Қызметкерлер күйіп қаламыз ба деп қорқып, терезенің әйнегін сындырып, 2-қабаттан секірген.
Терезені сындырып, 2-қабаттан секірген: Семейдегі шатыр зауытында жантүршігерлік оқиға болды
Фото: Kazinform
867
оқылды

Семейде шатыр зауытында төтенше жағдай болып, 4 бірдей қызметкер жарақат алды,  деп хабарлайды Massaget.kz.

Қызметкерлердің айтуынша, жұмыс ауысымынан кейін сағат 17.05-те жұмысшылар жуынатын бөлме үшін киім ауыстыратын бөлмеге барады. Осы кезде құбырларды байланыстыратын ыстық судың қысымымен байланыстырушы құбырдың адаптері үзілген. Салдарынан жуынатын бөлмеге қайнаған су құйылған.

Ал қызметкерлер күйіп қаламыз ба деп қорқып, терезенің әйнегін сындырып, 2-қабаттан секірген. Оқиға салдарынан оларда дене жарақаттары мен аяқ-қол сынықтары пайда болған.

Зауыт басшылығы бұл жағдайға байланысты көмектесуден бас тартқан.

Қазір Абай облысының Бақылау басқармасы ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу жөніндегі комиссия тағайындаған.

"Арнайы тергеу жүргізіледі. Кәсіпорын оқиға туралы хабарлама берді, комиссия шақырамыз",  деді Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.