Сот залының алдында журналистер Қуандық Бишімбаевтың анасы мен оның адвокаты Назкен Құсайыноваға бірнеше сұрақ қойды.
"Бәрін сот шешеді": Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрағына жауап берді
670
оқылды

Бүгін Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасып жатыр. Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова журналистердің сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Сот залының алдында журналистер Қуандық Бишімбаевтың анасы мен оның адвокаты Назкен Құсайыноваға бірнеше сұрақ қойды. Адвокат сот отырысына журналистер неге қатыстырылмағанын білмейтінін айтты. 

"Бишімбаева ханым қайдан біледі?! Ешкім ештеңе сұраған жоқ. Бәрін сот шешеді. Біз  процеске қатысушымыз. Бәрін көресіздер",  деп жауап берді 

Айта кетейік, экс-министр Бишімбаевқа әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр. Оқиға Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған еді.

Былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны белгілі болды. Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.

Еске салайық, кеше алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқаны хабарланды.

Бишімбаев ісі: Астанада алдын ала сот тыңдауы басталғалы жатыр (сурет-видео)

Айыптау қорытындысы бойынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова Астанада өткен концертте болғаны айтылды. Концертте олардың арасында жанжал басталған. Кейін олар мейрамханаға бірге барған, ол жерде де жанжал жалғасқан. Нүкенова Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтқан, бұл туралы ағасына да хабарлаған.

"Концертте болған Бишімбаев бос сылтауды пайдаланып, Нүкеновамен жанжалдаса бастаған. Концерт аяқталғанын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, жаяу BAU мейрамханасына бағыт алған.

Мейрамханада алкоголь ішу барысында жанжал жалғаса берген. Нүкенова Бишімбаевқа бұл қарым-қатынастан шаршағанын және одан кетуге шешім қабылдағанын айтқан. Сондай-ақ  Нүкенова ағасына қонуға баратынын жазып, такси шақыруға тырысқан", деді прокурор.

Сондай-ақ  мәліметтерге сүйенсек, Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басына қатты соққы берген. Кейін ол әйелді аяғымен тепкілей бастаған. Салтанат Нүкенова бөлмелердің біріне тығылмақ болған, бірақ Бишімбаев есікті сындырып, оны қайтадан ұра бастаған.