Бүгін, 12 наурызда Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.
Бас прокуратура Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: e-history.kz
957
оқылды

Бас прокуратура медиа-кеңістікте Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жариялануы жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін. 

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады. Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласпауды ескертеді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 12 наурызда Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.