Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.
Ауа райына байланысты екі өңірде екі жол жабылды
Фото: mail.kz
792
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 км 1 автожол (Жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ) 

1. «Самара-Шымкент» - Ақтөбе қ. - Ырғыз к. (жүк және қоғамдық көлік үшін) 

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол. (Қар көшкіні қаупіне байланысты) 

1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» - Ушановское а. - Алтай қ. (автокөліктің барлық түрлері үшін) 

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.