320 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдері мен қоқыс төгілген «ойық жерге» тазалау жұмысын жүргізіп жатыр.
Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: gov.kz
3,249
оқылды

Алматы қаласы әкімдігі 12-14 наурызда қалада жаңбыр түрінде жауын-шашын жауып, арты сілбі қарға ұласатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түнгі және таңғы уақытта қаланың тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болуы мүмкін. 

«Автокөлік жүргізушілерінен түнгі және таңғы уақытта қаланың таулы аймағында қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуді сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.

320 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдері мен қоқыс төгілген «ойық жерге» тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. 

12 наурыздағы жағдай бойынша 560 тонна қоқыс, лай мен мұз шығарылды. Күндізгі уақытта барлығы 465 бірлік арнайы техника мен 1020 жұмысшы жол жиегіндегі тазарту жұмысын жүргізіп жатыр.