Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мерекені атап өтуге қалалық бюджеттен қаражат бөлініп қойғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Қаражаттың негізгі бөлігі біздің әншілеріміздің гонорарына кетті. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың өнер көрсетуі қымбат екенін бәріңіз білесіздер. Оларға жұмсалатын қаражат – 10 миллион теңге”, – деді қала әкімінің орынбасары.
Мәлімдемені естіген желі қолданушылары мен Павлодар өңірінің жұрты наразы болып, негатив пікір жаудырып жатыр.
“Тағы да ақшаны желге шашу”, “Оларды шақырмай-ақ, тойлауға болмай ма?!”, “Одан да сол ақшаны жағдайы жоқ отбасыларға берейік”, “Оларды арнайы шақырып қайтеміз, концерт қоюға келсін. Кім ұнатады сол барып көрсін”, “Сырқат балалардың еміне жұмсайық” деп жазып жатыр көпшілік.