Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының стансалар желісі 13 наурызда 23 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Тереңдігі – 15 шақырым.
Қазақстан аумағында MSK-64 шкаласы бойынша сезілген жоқ.