Мақпал Жүнісованың халық алдында өз орны барын айтып, оның сұранысқа ие өнер адам екенін атап өтті.
Роза Рымбаева Мақпал Жүнісова туралы пікірін айтты
Фото: әлеуметтік желі
1,990
оқылды

Әнші Роза Рымбаева өзінің замандас әріптестері Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Роза Рымбаева Мақпал Жүнісова жайлы Есқалиеваның «Мақпал халық әртісі емес» деген пікіріне келіспейтінін жеткізді. Мақпал Жүнісованың халық алдында өз орны барын айтып, оның сұранысқа ие өнер адам екенін атап өтті.

«Нағиманың 70 жас мерейтойында «Мақпал халық әртісі емес» деген сөз тарады. Нағима олай айтпай-ақ қою керек еді. Ол – халық әртісі, халықтың сүйіктісі. Ол бізге қарағанда анағұрлым сұранысқа ие әнші. Қандай ән таңдау керек екенін, оны кімге шырқау керек екенін біледі. Ол өз ісінің нағыз шебері. Үшеуміздің де сахнада жүргенімізге 50 жылдай уақыт болды. Бізде өзара сыйластық болу керек. Мен екеуінде қатты жақсы көремін. Нағиманың да, Мақпалдың да дауысы мен сұлулығына тәнтімін. Олармен жақын араласатыныма қуаныштымын. Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз, бағытымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз «Гүлдер» ансамблінен бері келе жатыр», - деді әртіс Динара Сәтжанға берген сұхбатында.