Азат Жұмабаев Қылмыстық кодекстің 194-бабы1-бөлігінде көзделген "Бопсалау" қылмыстық құқықбұзушылығын жасады деп күдіктелуде.
"Қазақмыста" бөлім басшысы ұсталды
Фото: inbusiness.kz
827
оқылды

Қарағанды облысында қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Заң қызметі департаменті Орталық өңірдің заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ұсталды. Қазіргі уақытта А.Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр",  делінген хабарламада.

Күдікті 13 наурыз күні ұсталды, оны "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Азат Жұмабаев Қылмыстық кодекстің  194-бабы  1-бөлігінде көзделген "Бопсалау" қылмыстық құқықбұзушылығын жасады деп күдіктелуде.