Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды.
Павлодарда 18 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: orda.kz
734
оқылды

Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 13:04-те Ген. Дүйсенов мекенжайындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түсті. Медициналық бригада төрт минуттың ішінде жетті.

«Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды. Оның жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған», – деп хабарлады №1 қалалық ауруханадан.