Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты жалмаған.
Алматыда екі қабатты тұрғын үй өртенді
Фото: ТЖМ
968
оқылды

Алматыда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, Байтұрсынов көшесінің Абай мен Сатпаев көшелері қиятын бөлігі жабылды - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқиға 14 наурызда сағат 20:24-те болған. 

«Оқиға орнына сағат 20:32-де жеткен № 1 МӨСБ алғашқы бөлімшелері екі қабатты ғимараттың екінші қабатындағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Аралас үй-жайларды қорғап, өртті сөндіруге өрт оқпандары әзірленді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Ғимараттың отқа төзімділігі төмен санатына жататыны, қабырғалар мен төбе жабындарында жасырын бос орындардың болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 21.43-те оқшауланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт іргелес орналасқан үйлерге таралған жоқ», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында. 

Өрт сағат 22-21 сөндірілді.