Желіде Павлодардағы Қ.Мақпалеев мектебінде бірнеше оқушы төбелесіп қалғаны туралы ақпарат тарады.
Павлодарда 4-сынып оқушылары төбелескен: жарақат алғандар бар
1,716
оқылды

Облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"13 наурызда мектептің қасында төртінші сынып оқушылары арасындағы ойын салдарынан жанжал шықты. Бір оқушы бас жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды",  деп жазды департамент.

Зардап шеккен 11 жастағы баланы кезекші дәрігер травматолог қарап шығып, травматология бөлімшесіне орналастырған.

"Балаға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылған. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде. Оқушының сөзінше, оны жоғары сыныптағы балалар ұрып-соққан",  деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.  

Полиция департаменті 13, 12, 11, 10 жастағы балалардың тәртібі мектептің тәртіптік кеңесінде қаралғанын хабарлады.