Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева осыдан 16 жыл бұрын Францияға барған сәтін есіне алды.
Иманғали Тасмағамбетов қызметтік ұшағын берген: Айгүл Елшібаева Парижде өткен ақындар айтысын есіне алды
16,383
оқылды

Оның сөзіне қарағанда, Еуропада демеуші ағалардың арқасында қазақ айтысы өткен, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2008 жыл. Ақындар айтысы. Айтыстың жанашыр қарагері, айтысты өрге сүйреп шайтанның да тілін тапқан менеджері Жүрсін Ерманов ағамыз, ақын, әнші, жыршысын қосып, Парижде ақындар айтысын жасаған кез. Түркия, Голландия, Аустрия, Англиядағы қазақтар айтысты көруге арнайы келді. Францияны бір шулатқан кезіміз. Сол кездегі меценаттар Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов демеуші болып, қаражатын көтеріп, Иманғали Тасмағанбетов қызметтік ұшағын беріп, барып қайтқанбыз. Франция. Париж. Мулин Ружда. Мулен Руждың әншілерінің концертінде, біздікіндей киіммен ән салмайды екен”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары ең керемет сәт деп бағалап, сүйікті айтыскер ақындарын қазіргі өмірімен салыстырып үлгерді. 

“Жап-жас болып тұрсыздар”, “Айнұрдың осы кезі қандай әдемі”, “Айтыстан абырой жинап, ахи болып кетті”. “Жандарбек ең кішкентай екен”, “Бәрі ақшаның соңында кетті. Ақындық жолда қалды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.