Алдымен әлеуметтік желіде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы өзіне қол жұмсады
zonakz.net
1,022
оқылды

Содан соң алматылық белгілі кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өлі күйінде табылғаны мәлім болды,деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Осы факті бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр",  делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, Ибрагим бұған дейін 2020 жылы банкир Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол 2023 жылдың қазан айында босап шықты.

БАҚ оның экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы екенін жазды.