Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Алматы барахолкасына баратын жолға "Сергек" камералары қойылады
Вечерний Алматы
1,056
оқылды

Жиында тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұраған,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Олардың сөзіне қарағанда, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері жиі бұзады.

"Биыл Алатау ауданында барлығы 37 "Сергек" камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын",  деді Алматы әкімі.

2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.